ШҚО-да археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр
Шығыс Қазақстан облысының аумағында бірнеше жылдан бері археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп келеді. Биыл қазба жұмыстары Катонқарағай және Ұлан аудандарында жалғасын табуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бірнеше жылдан бері елімізге танымал археолог Зейнолла Самашев жетекшілік ететін топ ауқымды археологиялық жобаларды жүзеге асыруда. Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл екі ауданда археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ Зейнолла Самашев жетекшілік ететін археологтар тобы жоба аясында Ұлан ауданындағы Ақбауыр археологиялық кешенінде де қазба жұмыстарын жалғастыруда.