Ақбауыр кешені бірегей музейге айналады
Фото: Утеулинова Аяужан
Шығыс өңірі – байырғы баба мұраға бай аумақтың бірі. Бұған археологиялық қазба жұмыстары кезінде ашылған қоныстар мен табылған жәдігерлер айғақ. Киелі орындардың бірі саналатын Ақбауыр кешені алдағы уақытта бірегей музейге айналады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мамандар бірнеше жылдан бері археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп келе жатқан Ақбауыр кешенін 3D үлгілерін пайдалана отырып музейлендіреді.
Жалпы өңірде өзге де археологиялық кешендерді, қоныстарды және жәдігерлерді музейлендіру ісі ілгерілейді. Бұл жөнінде облыстық мәдениет басқармасы мәлімдеді. Шетелдік саяхатшыларды ежелгі өркениет жетістіктерімен қызықтыру арқылы өңірдің туризм саласын да түлетуге болды.
Осылайша, алдағы уақытта Ақбауыр археологиялық кешені ашық аспан астындағы бірегей мұражайға айналмақ.
Спикер археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасы бойынша өткен жылы Ақбауыр археологиялық кешенінде, ежелгі түркі кезеңінің ескерткіші орналасқан Елеке сазында, Берел мен Көкентауда, сондай-ақ Тарбағатай мен Алтай аудандарының аумағында қазба жұмыстары жүргізілгенін атап өтті. Қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер музей қорларын толықтырып, көптеген көрмелерде көпшіліктің көзайымына айналып келеді. Мәселен, «Ұлы Дала алтыны» көрме экспозициясы 2023 жылы Татарстан Республикасында және Түркия елінде көрермен назарына ұсынылды.