KZ
Өскемен
-6°
туман жел 1 м/с, С
498.55 524.28 4.75

Археология: Катонқарағайдағы "Жайдақ", "Таутекелі", Семейдегі "Көкентау" кешенінде зерттеу жұмыстары басталды

2.09.2020, 09:32 310

Қатонқарағай ауданында орналасқан "Жайдақ", "Таутекелі" ескерткіштерінде, Семей қаласының маңындағы "Көкентау" археологиялық кешенінде зерттеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Назарбаев университетінің ғылыми қызметкері, археолог Айдын Жүнісханов Теngrinews.kz сайтына берген сұхбатында айтты.  

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтың қолдауымен 2016 жылдан бастап Шығыста археологиялық зерттеулерді дамыту бағдарламасы қабылданған болатын. Бағдарлама аясында ЗАЙНОЛЛА САМАШЕВ, былтыр ғана дүниден озған академик КАРЛ БАЙПАҚОВ, ӘБДЕШ ТӨЛЕУБАЕВ сияқты елімізге танымал археолог мамандар тартылып, шығыс өңірінде ежелгі замандардан бастап кейінгі ортағасырлармен мерзімделетін ескерткіштер тобы зерттелді.

-  Аталмыш бағдарламамен ШІЛІКТІ, БЕРЕЛ обалары, ЕЛЕКЕСАЗЫ қорымы, ТАУТЕКЕЛІ және АБЛАЙКИТ сияқты кешендерге археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Үстіміздегі жылы осы бағдарлама негізінде Зайнолла Самашев ағамыздың жетекшілігімен жүзеге асырылып келе жатқан "Қола ғасырынан ерте ортағасырларға дейінгі Алтай-Тарбағатай өңірі" жобасы бойынша "Елекесазы" мен "Берел" қорымында зерттеу жұмыстары жалғастырылса, Қатон-Қарағай ауданында орналасқан "Жайдақ", "Таутекелі" ескерткіштерінде, Семей қаласының маңындағы "Көкентау" археологиялық кешенінде зерттеу жұмыстары басталды. Бұл құптарлық іс, - деп атап өтті археолог Айдын Жүнісханов.

Айта кетейік, Зайнолла Самашевтың басшылығымен Көкентау өңірінде жүргізілген далалық зерттеу жұмыстардың нәтижесінде еліміздің аумағында өте сирек кезесетін қызыл жосамен осыдан 3500-4000 мың жыл бұрын салынған суреттердің топтамасы табылды.

Сондай-ақ, сол суреттерді қалдырған ежелгі заман тұрғындарының қоныстары мен жерлеу орындарын зерттелді. Көкентау өңірінде адамзат баласының алғашқы қоныс тепкен уақыты осыдан 7000 мың бұрын болғандығын радиокөміртекті анализ жасау арқылы анықтаған

- Одан бөлек, Ертістен Дунайға, Алтайдан Гималайға дейін 7 ғасырда алып империя құрған Батыс түркі қағанатының саяси және сакралды орталығы болған "Елекесазы" кешенінде Түркі қағанының құрметіне тұрғызылған ғибадатханада зерттеу жұмыстары жүргізіліп, кешеннің архитектуралық ерекшеліктеріне қатысты тың мәліметтер алынды. Далалық зерттеу жұмыстары күні бүгінге дейін жалғасып жатқандықтан өткен тарихымыздан сыр шертер ашылымдар маусым аяғында болып қалады деген үміттеміз, - дейді археолог.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу