KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Қазақстанда 74 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

18.09.2021, 13:53 234

Қазақстанда бір тәулік ішінде 74 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, 276 науқас аса ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі. 

"16.09.2021 жылы пневмонияның 216 жағдайы және 15 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 176 адам емделіп шықты.

2020 жылғы 13 наурыздан барлығы: ауырғандар - 73815, 4729 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 60534-ке жетті", - делінген хабарламада.

18 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 70 984 адам коронавирус инфекциясынан (67 432 КВИ+ және 8 552 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  •  13 087 пациент стационарда,
  • 57 897 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.



КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  •  1 041 адамның жағдайы ауыр,
  • 276 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 189 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу