Самар ауданында жүк көлігі жарылып, екі адам қаза тапты
Фото: ШҚО ПД
Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен-Самар тасжолының 75-ші шақырымында VOLVO маркалы жүк көлігінің қатысуымен қайғылы оқиға орын алды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО ПД сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі тау-кен жұмыстарына арналған материалды тасымалдау кезінде жарылыс болған. Салдарынан көлік жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалып, жағдайдың мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысын Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің басшылығы ерекше бақылауға алған.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Тиісті органдар оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты тексеруде.