KZ
Өскемен
-16°
пасмурно Штиль
501.79 595.07 6.56

Адам құқықтарын қорғаудағы адвокаттардың рөлі

pexels.com

28.11.2024, 12:00 3 195 Төлеуғазы Жансая

Біздің мемлекетіміздің басты қазынасы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Сондықтан азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда заңды тұлға ретінде адвокаттардың рөлі күннен-күнге артып келеді. Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясында әрбір азаматтың білікті заң көмегін алуға құқығы бар екені нақты көрсетілген. Осы құқықты жүзеге асыру мақсатында 1997 жылы 5 желтоқсанда «Адвокаттық қызмет туралы» Заң қабылданды. Бұл заңның негізгі мақсаты – адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін алуға мүмкіндік жасау.

Адвокатура – қылмыстық істер бойынша қорғау, азаматтық және әкімшілік істерде өкілдік ету, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған заң көмегін ұйымдастыратын институт.

Адвокат – адвокаттар алқасының мүшесі, арнаулы заңмен бекітілген шеңберде кәсіби заң көмегін көрсететін заңгер. Ол заң мәселелері бойынша кеңес береді, құқықтық құжаттарды дайындайды, сот және тергеу органдарында азаматтардың атынан өкілдік етеді.

Адвокаттардың көрсететін қызмет түрлері:

  1. Кәсіби заң білімін қажет ететін мәселелер бойынша кеңестер, түсіндірмелер және жазбаша қорытындылар береді.
  2. Талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды дайындайды.
  3. Тергеу, сот, мемлекеттік және өзге де органдарда, азаматтық қарым-қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қорғайды.
  4. Қылмыстық істер бойынша қорғауды тек адвокаттар жүзеге асырады.
  5. Адвокатты еркін таңдау құқығы қамтамасыз етіледі.
  6. Заңмен тыйым салынбаған басқа да заң көмегін көрсетеді.

Адвокаттар алқасының мүшесі болу үшін:

  • Жоғары заң білімі болуы;
  • Заң саласында кемінде екі жыл еңбек өтілі болуы;
  • Адвокаттық қызметке лицензия алуы қажет.

Адвокатура бірнеше анықтамаға ие:

  1. Сотта өзге адамдардың мүдделерін қорғауға қатысатын адвокаттардың кәсіби қызметі.
  2. Құқық қорғау мен өкілдіктің кәсіби түрі.
  3. Адвокаттар қауымдастығы – заң көмегін көрсететін кәсіби ұйым.

Осылайша, адвокатура – азаматтар мен ұйымдарға құқықтық көмек көрсетуді жүзеге асыратын кәсіби заңгерлер қауымдастығы. Бұл институт заңдылықты нығайту мен азаматтардың құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады.


Өскемен қаласының мамандандырылған

тергеу сотының бас маманы - сот отырысының

хатшысы

Альбина Куашпаева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу