KZ
Өскемен
-5°
небольшой снег жел 4 м/с, ОШ
503.35 590.63 6.62

"Моана 2" анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі көрсетілімдері екі есе артты

3.12.2024, 20:00 612 Төлеуғазы Жансая

Мәдениет және ақпарат министрлігі кинотеатрлармен байланысып, "Моана 2" анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі көрсетілімдері екі есе арттырды. Қазақша сеанстар кешкі уақытқа да қойылды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

"2024 жылдың 28 қарашасынан бастап елімізде Disney компаниясының "Моана 2" анимациялық фильмі көрсетілуде. Сонымен қатар, биыл алғаш рет Disney мен Pixar студиялары "Ойжұмбақ 2", Disney студиясы, "Муфаса: Арыстан патша" деп аталатын анимациялық фильмдерін өз қаражатына қазақ тіліне аударды. Айта кету керек, осы бастамалардың арқасында қазақтілді сеанстар саны екі есеге артты. Бұл қазақ тілінің және мәдениетінің жастар арасында танымал болуына, сондай-ақ ұлттық тіл мен мәдениетті сақтау мен дамытуға үлкен үлес қосуда", – делінген министрліктің хабарламасында. 




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу