KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
476.27 515.47 5.41

"Мұзбалақ" мультфильмін чех балалары көреді

3.05.2019, 04:39 126


Режиссер Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазының "Мұзбалақ" атты толықметражды анимациялық фильмі, Чехияның Злин қаласында өтетін 59-шы балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдер ХКФ "Панорама" атты конкурстан тыс бағдарламасында көрсетіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. 

 

"Мұзбалақ" анимациялық фильмі қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан саятшылық мәдениетінен сыр шертіп, адам мен бүркіт арасындағы достық туралы баяндайды.

 

"Zlin Film Festival" - балалар фильмдеріне арналған әлемдегі ең ауқымды кинофестиваль. Фестиваль аясындағы көрсетілімдер Злин қаласынан бөлек Чехияның басқа да қалаларында жүреді. Жыл сайын фестиваль аясында 50-ден астам елден келген 300-ге жуық фильм көрсетіледі. 2010 жылдан бастап фестивальді тамашалауға 95000-нан астам ересек адамдар мен кішкентай балалар келген екен.

 

Аталмыш фестиваль биыл мамырдың 24 мен маусымның 1 аралығында өтеді. 

 

 

- Әлем кино кеңістігіне қазақ анимациясының жетістіктері туралы жар салатын кез келді. Біз сол үшін де еңбек етеміз. Біздің әрбір жасаған туындымыз ауқымды кинофестивальге қатысуы тиіс. "Мұзбалақ" биік белестерді бағындыруына тілектеспін, - деді "Қазақфильм" АҚ анимациялық бірлестігінің жетекшісі Адай Әбілдинов.

 

Естеріңізге сала кетейік, "Мұзбалақ" былтыр ҚР Кинематографистері Одағының "Құлагер" жүлдесіне ие болып, "Үздік анимациялық фильм" аталымы бойынша жеңімпаз атанған. Сонымен қатар, XVII "Алау рухы" Халықаралық кинематографиялық дебюттер кинофестивалінің балалар және жасөспірімдер фильмдері конкурстық бағдарламасына қатысқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив