Жыл соңына дейін 15 шетелдік блокбастер қазақ тілінде көрсетіледі
Фото: tengrinews.kz
Биыл жыл соңына дейін барлығы 15 шетелдік фильм қазақ тілінде көрсетіледі, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.
Соңғы 5 жыл ішінде "Меломан" компаниясымен Disney және Sony pictures кинокомпанияларының 17 фильмі дубляждалды.
"Мемлекеттік қолдаудың арқасында "Аватар" (бірінші бөлім), "Қара қабылан: Ваканда жасасын!" және "Аватар. Су жолы" фильмдері қазақ тіліне дубляжданды. Бүгінгі таңда қазақ тіліндегі киноконтетке сұраныс өте зор. Бұл ретте министрлік қазақ тіліне дубляжданатын шетелдік блокбастерлердің санын жыл сайын арттыратын болды", – делінген министрлік хабарламасында.
Оқи отырыңыз