Семей тұрғыны зейнеткердің атына несие ресімдеген
Тамыз айының ортасында Семей қаласының Орталық ПБ «102» жедел арнасына 73 жастағы зейнеткер оның танысы өзінің сауалнамалық деректерін пайдаланып, алдап 2007 жылы 1 300 000 теңге сомасына несие ресімдегені туралы өтініш білдірді.
Ауыр қылмысты ашу үшін Семей қаласы криминалдық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.
- Жедел-іздестіру шаралары барысында 48 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі «алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз