KZ
Өскемен
-14°
небольшая облачность Штиль
504.6 594.27 6.48

ШҚО аумағында азаматтығы жоқ 200-ден астам адам жүр

2.09.2021, 16:40 363

Азаматтығы жоқ тұлға - ешбір мемлекет азаматы ретінде танымаған адам. Яғни азаматтығы жоқ тұлға әлімнің ешбір мемлекетінің азаматы болып табылмайды.

- Жыл басынан Шығыс Қазақстан аумағында құжаты жоқ 231 тұлға анықталды, қазіргі уақытта 225 адам өз құқықтарын айқындады,- деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев. 

Көп жағдайда бұл санаттағы тұлғалар - әртүрлі себептермен қиын жағдайларға тап болғандар, құжаттарынның болмауына байланысты әлеуметтік көмектен қағылып, ресми түрде жұмысқа тұру мүмкіндіктерінен қағылып жатады. Сол себепті ШҚО ПД Көші-қон қызметінің қызметкерлері олардың Қазақстан Республикасы аумағындағы мәртебесін реттеу мақсатында жан-жақты құқықтық көмек көрсетуде.

- Мысалы, ағымдағы жылдың тамыз айында алғаш рет Үржар ауданының 36 жастағы тұрғыны жеке куәлік алды. Ол Үржар аудандық полиция бөліміне жеке басын куәландыратын құжаттарды рәсімдеу үшін жүгінді, оның туғаннан туу туралы куәлігі де болғаны анықталды. Көші-қон қызметінің қызметкерлері оған туу туралы куәлік алуға көмек көрсетті, Қазақстан Республикасының азаматтығына жататынын анықтады. Қазіргі уақытта әйел толыққанды азамат болып, мемлекеттік қызмет ала алады, ресми түрде жұмысқа орналасады, - деді ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев. 

ШҚО ПД бұған дейін әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы аталған санаттағы адамдарға көмек көрсетілетіні туралы халықты бірнеше рет хабардар етіп, көші-қон қызметі түсіндіру жұмыстарын жүргізілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу