ШҚО-да үсік пен қар күтіледі
va-green, Pixabay сайтынан
17 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі «Қазгидромет» ШҚО филиалына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, облыстың оңтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Түнде солтүстік пен шығыс өңірлерде 3 градусқа дейін үсік жүреді деп болжануда.
17-20 сәуір аралығында жауын-шашын (жаңбыр мен жылбысқы қар) күтілуіне байланысты облыс аумағында қардың еріп, судың көлемі артады.
Сонымен қатар бұлақтар мен шағын өзендердің арнасынан тасуы және ірі өзендердің деңгейінің көтерілуі ықтимал. Бұл кейбір жерлерде су басу қаупін тудырады.
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға келесі қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді:
жел кезінде электр сымдарына, тербелмелі заттарға жақындамаңыз;
аялдама мен ағаштардың астында жасырынбаңыз;
арықтар мен бұлақ арналарының бітелмеуін қадағалаңыз;
ауа райы болжамдарын, гидрологиялық жағдай туралы хабарламаларды үнемі бақылап отырыңыз.
Дауылды ескертулер туралы ақпаратты «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы алуға болады.
Біріңғай құтқару нөмірі – 112.