KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность Штиль
518.34 591.06 6.27

ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды  

depositphotos.com

16.04.2025, 09:00 159 Ержан Әбіш

16 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысы аумағында ауа райы күрт құбылады. Бұл туралы «Қазгидромет» ШҚ филиалы мәлімдеді.

Синоптиктердің болжауынша, түнде облыстың шығысында жаңбыр мен қар жауады. Ал батыс және орталық өңірлерде найзағай ойнап, күндіз де шығыс бөлігінде жауын-шашын – жаңбыр мен қар жалғасады. Сонымен қатар, облыстың оңтүстігі мен орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, найзағай мен бұршақ болуы мүмкін.

Түнгі және таңғы сағаттарда облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан және солтүстіктен соғып, облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, кей жерлерде екпіні 23 м/с-ке дейін жетеді. Сондай-ақ, түнде солтүстік және шығыс өңірлерде 3 градус үсік күтіледі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді:

  •  жолдарда көлік жылдамдығын төмендетіп, арақашықтықты ұстаңыз;
  • найзағай кезінде ғимарат ішінде болған жөн. Терезе, есік, түтін шығаратын орындарды жауып, электр құрылғыларын ток көзінен ажыратыңыз;
  • металл қоршаулар мен төбелерден, электр сымдарынан алыс жүріңіз;
  • қатты жел кезінде тербеліп тұрған заттар мен сымдарға жақындамаңыз, аялдамалар мен ағаштардың түбінде тығылмаңыз.

Кез келген төтенше жағдай орын алса, бірден 112 нөміріне қоңырау шалуға кеңес беріледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу