Өңірде жауын-шашын мен жел күтіледі

pexels.com
«Қазгидромет» ШҚО филиалының мәліметінше, 4 сәуірде өңірде қолайсыз ауа райы күтіледі. Түнде облыс аумағында жаңбыр мен қар жауып, солтүстік және шығыс аудандарда жауын-шашынның қарқындылығы артады. Кей жерлерде қатты жаңбыр мен қар жауады. Батыс аймақта көктайғақ байқалады. Түнде және таңертең оңтүстік пен батыс аудандарда тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Батыстан және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 15-20 м/с, ал солтүстік пен шығыста 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз де солтүстік және шығыс аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы 6 сәуірде түнде 0-5 градусқа дейін төмендейді, ал шығыста 8 градусқа дейін аяз күтіледі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты алыс сапарға шықпауға кеңес береді.
Күшті жел кезінде электр сымдары мен тербелетін заттарға жақындамау, ағаштардың астында немесе аялдамалардың артында тұрмау ұсынылады. Кез келген төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет,- делінген хабарламада.