KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, СБ
523.2 594.3 6.38

ШҚО-да өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін

14.04.2025, 10:00 139 Төлеуғазы Жансая

«Қазгидромет» РМК ШҚ филиалының мәліметінше, 14-16 сәуір аралығында облыс аумағында жауын-шашынның (негізінен жаңбыр түрінде) күтілуіне байланысты, қардың қарқынды еруі жалғасады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Салдарынан еріген қар суы мен беткейлік ағынның пайда болуы, сондай-ақ сай-салалар мен өзендердің жоғары сағаларынан келетін судың әсерінен өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Осыған байланысты су тасқыны мен су басу қаупі бар.

– ШҚО ТЖД тұрғындарға арықтар мен сай арналарын қоқыспен бітемеуді, бұл судың бөгелуіне алып келетінін, сондай-ақ гидрологиялық жағдай туралы хабарламаларды қадағалауды ескертеді. Төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу керек, – деп хабарлады ШҚО ТЖД.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу