Мас күйде көлік жүргізген Өскемен тұрғыны қамалды
Шемонаиха ауданының патрульдік полиция батальонының инспекторлары сағат 22.30 шамасында «Өскемен-Шемонаиха» тас жолының 50 шақырымында, Первомайский кентінің жанында медициналық куәландыру актісіне сәйкес «жеңіл дәрежелі» алкоголь өнімін тұтынған Өскемен қаласының 30 жастағы тұрғынының басқаруымен «Mercedes» автокөлігін тоқтатты.
Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің бұрын 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оқи отырыңыз