KZ
Өскемен
-22°
туман жел 1 м/с, С
506.7 593.14 6.53

Жаңа жыл біз үшін маңызды қуаныштан басталды

3.01.2025, 14:20 991 Гульжан Мусина

Президент есірткі қылмысымен күреске арналған Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізді. 

Бұл өзгерістер әріне әділ шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. 
Esbol Qory қоры осы бастамаларды қолдап, ақпараттық жұмыстар жүргізіп, мемлекеттік органдармен бірге нәтижеге жетті.

Бұрын есірткіні шағын таратушылар, көбінесе жастар, ауыр жазаларға тартылатын. Енді әділеттілік орнап, негізгі ұйымдастырушылар жауапкершілікке тартылмақ.

Ал бүгін Қасым-Жомарт Кемелұлы, Ana tili газетіне берген сұхбатында нашақорлық, есірткі мәселелері тұралы тағы бір мәрте кеңінен айтты. Менің ойымша осы мәселелер қазіргі кезде өзекті болып отыр. Сондықтан оған айрықшы мән беруіміз қажет. Президент айтқандай: “Есірткі өндіргені үшін берілетін жаза қатайды. Ондай қылмыс жасағандар 15–20 жылдан бастап өмір бойы бас бостандығынан айыруға дейін жазаланады. Есірткіні белгілі бір жерге тығып кететін курьерлер мұндай қылмысты алғаш рет жасаса және әрекетінің салдары ауыр болмаса, 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылады”. 

Сонымен қатар, лудоманиямен күреске қатысты заң да күшіне енді. Құжатта букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасына едәуір шектеу қойылды, кәмелетке толмағандарды құмар ойынға тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленді, аты-жөні борышкерлердің бірыңғай тізіміне енгізілген адамдардың құмар ойын ойнауына тыйым салынды. Бұл шаралар талай шаңырақты шайқалтқан, адамдарды қылмыс жасауға, өзіне қол жұмсауға итермелеген ойынқұмарлықтың таралуымен күресуге арналған. 
Тағы бір маңызды заңнамалық жаңалық – бұзақылық және вандализм жасаған, біреудің мүлкін қасақана бүлдірген адамдарға берілетін жаза қатайды. Мұның бәрі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және заң талаптарына бағынатын азаматтардың құқығын қорғау тұрғысынан маңызды. Сонымен бірге заңнамалық толықтырулардың нәтижесінде 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап қылмыс­тық, әкімшілік және азаматтық істер бойынша үш дербес кассациялық сот жұмыс істей бастайды. Осылайша, азаматтар мемлекеттік органдар тарапынан бұзылған өз құқықтарын қорғай алады.

Ляйля Төлеубекова, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» РСҚ ШҚО филиалының төрағасы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу