KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 3 м/с, В
520.93 609.07 6.68

ШҚО орталығындағы «Өскемен» аллеясы абаттандырылады

16.06.2025, 16:00 159 Ержан Әбіш

 

Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов тұрғындардың өтініштері негізінде қаладағы танымал серуен аймағы — «Өскемен» аллеясындағы жарықтандыру, көгалдандыру, қоқыс жәшіктері мен орындықтардың жетіспеушілігі мәселелерін шешуді тапсырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

— Қала тұрғындарынан түскен көптеген өтініштерге байланысты бүгін «Өскемен» аллеясына барып, жағдайымен жеке таныстым. Тексеру барысында тұрғындардың жарықтың жеткіліксіздігі жөніндегі шағымдары расталды, — деді Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов.

Әкімнің айтуынша, жарықтандырудан бөлек, аллеяда абаттандыру элементтерінің кейбірі қанағаттанарлықсыз жағдайда екені, сондай-ақ қоқыс жәшіктері мен орындықтардың жетіспейтіні, аумақтың тазалығы мен көгалдандыруға қатысты мәселелер бар екені анықталған.

Қала әкімі тиісті қызметтерге жарықтандыру жүйесін жаңғыртуды және қысқа мерзім ішінде аумақты кешенді түрде абаттандыру жоспарын әзірлеп, іске асыруды тапсырды.

— Жұмыс созылып кетсе, кінәлі тұлғалар қатаң жауап береді, — деп ескертті облыс орталығының басшысы.

Елизавета Седых

Видео: Өскемен қаласы әкімдігі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу