KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Аягөз ауданында он шақты мал бордақылау алаңы ашылды

17.08.2021, 11:50 216

Мал басын арттырып, аудан халқын сапалы өніммен қамтамасыз ету мақсатында соңғы жылдары он шақты мал бордақылау алаңы ашылды. Мәселен, қазір Б. Тұрысбеков басқаратын "Бектас" шаруа қожалығы негізінде 1000 бас ірі қара малына арналған бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр. 

Сол сияқты, Ақшатау ауылдық округіндегі Айтқазы Ахметовтің "Қоңыр", Өркен ауылындағы Дәулет Мұқышевтің "Бақ-Дәулет", Шұбартау алқабын ен жайлаған "Дағанды", "Құлагер" т.б. шаруа құрылымдарында мал саны артып келеді. Аталмыш мал өсірушілер өздерінің шаруа құрылымдарын ілгері дамытып, аудан экономикасының өркендеуіне сүбелі үлес қосуда. Мәселен, "Бектас", "Атасу", "Ақышбай", "Сопы" т.б. шаруа құрылымдарында сиыр малының саны жылдағыдан анағұрлым артты. Жалпы, өткен жылы барлық ауылдық округтерде төрт түлік малдың басы өскені байқалды. Бұл аудан шаруа қожалықтары мен малшы қауымының қажырлы еңбегінің арқасы деуге болады. 

- Аудан көлемінде ауылшаруашылығына жаңа технологияларды енгізу бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Жалпы айтқанда, облыс көлемінде бірнеше модульдік шаруа қожалықтары құрылып, онда ауылшаруашылығы саласында мал өсіріп, өнімін өндірумен айналысатын шаруаларды арнайы оқыту қолға алынған...- дейді жергілікті билік өкілдері.

Аягөз өңірінің таулы аймақтарының жазы қоңыр салқын болғанымен, қысы қатал, малға жайсыз тиеді. Сондықтан да серіктестіктер мен шаруа қожалықтары қысқы мал азығы - жем-шөп дайындауға зор көңіл бөледі. Өйткені кейбір жылдары қыстың аяғы созылып, алты ай қыста малға жемшөп тауып беру өзекті проблемаға айналуы мүмкін. Сол үшін де шаруа құрылымдары ауылшаруашылық техникаларын уақыты келгенде жаңартып отыруға тырысады. Мәселен, өткен жылы аудандағы 50 шаруа құрылымы 500 млн 902 мың теңгеге 35 трактор, бір комбайн, бір погрузчик және 67 өзге де техника алды. Оның ішінде "Лизинг" бағдарламасы арқылы 33 шаруа құрылымдары 359 млн 260 мың теңгеге 23 трактор, бір комбайн және 34 басқа да техника алынған. Сол сияқты, өз қаржысымен 17 шаруа құрылымы 141 млн 642 мың теңгеге 12 трактор, бір погрузчик және 33 өзге де техника алды. Мемлекет тарапынан жасалып отырған осындай игі ықпалдардың арқасында мал басы өсіп, осы саламен айналысушылардың әлеуметтік хал-ахуалы арта түскені рас. 

Әлбетте, мұндай игілікті жұмыстардың берер нәтижелері де жоқ емес. Мәселен, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі өткен жылдармен салыстырғанда едәуір артса, шаруа қожалықтар санының өсу қарқыны жыл өткен сайын көбейіп келе жатқаны көңіл қуантады. Сондықтан да мұндай шаруашылықтарда еңбек етушілердің саны да арта түсуде. Сөйтіп, жұмыс орындарының ашылу қарқыны да үдей түскен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив