Күн райы: бүгін ШҚО-да жаңбыр мен екпінді жел күтіледі
depositphotos.com
14 шілде күні Шығыс Қазақстан облысында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.
Таңертең ауа температурасы +15…+17 °C шамасында болмақ. Аспанда ауыспалы бұлттар байқалады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 5-10 м/с, кей тұстарда екпіні 15–18 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.
Күндіз де тұрақсыз ауа райы сақталады. Температура +23…+25 °C дейін жоғарылайды. Алайда бұлтты күн райы, жаңбыр мен найзағай қайта байқалуы мүмкін.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға найзағай кезінде ашық жерде ұзақ болмауға, ағаштың астында тығылмауға және қатты жел кезінде абай болуға кеңес береді.