KZ
Өскемен
+25°
ясно жел 2 м/с, СБ
512.44 593.15 6.52

Жаңбыр, аптап ыстық, тұман: елімізде ауа райы күрт құбылады

pixabay.com

20.05.2025, 10:00 114 Төлеуғазы Жансая

Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды. "Қазгидромет" мәліметінше, ел аумағында ауа райы құбылмалы болмақ — кей жерде аптап ыстық пен шаңды дауыл, енді бір өңірде найзағай, бұршақ, жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түсіп, желдің екпіні күшеюі мүмкін. Өскеменде көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы түнде 8-10° жылы, күндіз 21-25° шамасында болады. Жел солтүстік-батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен соғады.

Семейде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 23-25 ​​градус жылы.

Ал елдің батысында – Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал және солтүстіктегі Қостанай өңірлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кейбір аумақтарда бұршақ жаууы ықтимал. Жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Оңтүстікте, әсіресе Шымкент, Түркістан, Қызылорда мен Таразда күн ыстық болады. Ауа температурасы 30-32°-қа дейін көтеріледі. Кей аймақтарда шаңды дауыл соғады.

Астанада жауын-шашын болмайды, күн ашық. Жел оңтүстіктен 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы күндіз 22-24° жылы болады.

Алматы мен Қонаевта да жауын-шашынсыз күн күтіледі. Температура күндіз 22-25° шамасында.

Синоптиктер тұрғындарға жолда абай болуды, ал алыс сапарға шығатындарға ауа райы болжамын мұқият қадағалауды ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу