KZ
Өскемен
-11°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
511 602.72 6.49

Үкімет газдандыру мен газ саласына инвестиция тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр

Фото: primeminister.kz

15.07.2025, 14:40 4 243 Ержан Әбіш

Президент тапсырмасына сәйкес еліміздің толық газдандырылуын қамтамасыз ету мақсатында Үкімет газдың ішкі ресурстарын пайдалану және көрші елдерден импорттау мүмкіндігін қоса алғанда, түрлі нұсқаларды қарастырып жатыр. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын газдандыру үшін «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының екінші, үшінші және төртінші кезеңдерін салу жоспарланып отыр. Бұл жобаны жүзеге асыру аясында қуаттылығы жылына 15 миллиард текше метр болатын «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының екінші желісін салу көзделген.

Бүгінде қуаттылығы жылына 10 миллиард текше метр болатын және ұзындығы 1 450 шақырымды қамтитын құбырдың желілік бөлігін үш жаңа компрессорлық станциямен бірге салуды қарастыратын бірінші кезеңнің құрылыс-монтаж жұмыстары басталып кеткен. Аяқталу мерзімі – 2026 жыл.

Сонымен қатар Үкімет солтүстік және шығыс өңірлерді газдандыру үшін көршілес мемлекеттерден газ импорттау мәселесі бойынша әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Олжас Бектенов газ саласын одан әрі дамыту үшін теңгерімді әрі экономикалық тұрғыдан негізделген тариф саясатын қалыптастыру қажет екенін атап өтті.

«Ішкі нарықтағы газ бағасы әлемдік деңгейден айтарлықтай төмен. Сондықтан алдағы уақытта біз біртіндеп бағаны көтеруге көшеміз. Бұл – нарықтың бұрмаланбаған жағдайын қалыптастырып, газ саласын инвестиция үшін тартымды әрі дамуға қабілетті етеді», – деді Үкімет басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу