KZ
Өскемен
-39°
туман жел 1 м/с, С
512.16 594.72 6.57

ҚР вице-премьері: Туризмдегі басты сын коммуналдық жағажайлардың жағдайына қатысты

Фото: Nathan Osman / Pixabay сайтынан

15.07.2025, 17:30 214 Ержан Әбіш

Қазақстандағы ішкі туризм нысандарын тексеру мақсатында ұйымдастырылған Үкіметтік комиссия жұмысының қорытындысы бойынша ең көп сынға ұшыраған нысандар – жергілікті атқарушы билікке қарайтын коммуналдық жағажайлар. Бұл туралы бүгін өткен брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Негізгі сын-ескертпелер коммуналдық жағажайлардың жұмысын ұйымдастыру мәселесіне қатысты айтылды. Бұл жағажайлар жергілікті атқарушы органдардың қарамағында болғандықтан, жауапкершілік те соларға жүктеледі. Мұнда, әрине, ауыл, аудан әкімінен бастап, барлық тиісті құрылымдардың ұстанымы айқын әрі жауапты болуы керек, – деді Ермек Көшербаев.

Оның айтуынша, елімізде бұл саланы реттейтін барлық қажетті нормативтік-құқықтық актілер қабылданған. Оның ішінде санитариялық нормалар мен қауіпсіздік ережелері, жағажайлар мен демалыс орындарын абаттандыру стандарттары да бар.

– Осы талаптар орындалмаған жерлерде тазалық та, тәртіп те болмайды, – деп түйіндеді Ермек Көшербаев.

Андрей Дудник

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу