ШҚО-да ірі көлемдегі есірткі тәркіленді
«Қарасора» жедел-алдын алу шарасы аясында облыстық прокуратураның үйлестіруімен полиция қызметкерлері есірткі жеткізу арнасын анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды АltaiNews.kz тілшісі.
Жедел шаралар нәтижесінде облыс тұрғыны — 34 жастағы азамат ұсталды. Ол өзімен бірге басқа қаладан ірі көлемдегі есірткіні жеткізген. Оның үйін тінту барысында жалпы салмағы 20 келіден асатын марихуана тәркіленді. Сараптама нәтижесінде бұл дерек расталды. Полиция департаментінің мәліметінше, «тауар» байланыссыз тәсілмен сатуға арналған болған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу шаралары жалғасып жатыр.
Дмитрий Чжан
Фото: ШҚО ПД


