KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
480.5 534.22 5.18

Алтай ауданында 15 келіден астам марихуана тәркіленді

Фото: ШҚО ПД

Бүгін, 10:00 1 Жанаргүл Мұқатай

Алтай ауданының полицейлері құрамында есірткі заттары бар тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Altainews kz тілшісі.

Тәртіп сақшылары Алтай өңірінің 46 жастағы тұрғынының үйін шұғыл тінту барысында қора ішінен салмағы 15 келіден асатын кептірілген марихуана мен салмағы 3 келіден асатын қарасора өсімдігін тауып, тәркіледі.

Барлық заттай дәлелдер зертханалық сараптамаға жіберіліп, оның есірткі заты екені расталды.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлағанындай, аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адамның мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Шығысқазақстандық полицейлер есірткі тарату арналарын анықтау және оның жолын кесуге бағытталған іс-шаралар жүргізуді жалғастыруда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив