KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Көлігімен марихуана тасымалдаған тұрғын ұсталды - Өскемен

29.11.2021, 15:08 183

Қараша айының ортасында жедел уәкілдерге облыс орталығының 38 жастағы тұрғыны есірткі заттарының заңсыз айналымымен айналысатыны туралы жедел ақпарат келіп түсті.

Тексеруді нәтижесінде ақпарат расталды. 2021 жылдың 15 қарашасында қала көшелерінің бірінде күдікті азамат ұсталды. Оның автокөлігін кідіріссіз тінту барысында өзіне тән иісі бар қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес затпен 33 полимерлік түйіншек табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар жалпы салмағы - 1548,76 гр. «кептірілген марихуана» есірткі құралы болып табылады.

 «Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, ҚР ҚК-нің 297 - бабы 3-бөлігі -аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деп хабарлайды ШҚО ПД бастығы полиция полковнигі Сағат Мадиев.

Осы баптың санкциясы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив