KZ
Өскемен
+23°
ясно жел 4 м/с, СБ
481.19 538.45 5.18

ШҚО тұрғынының үйінен есірткі табылды

Фото: polisia.kz

Бүгін, 12:00 0 Ержан Әбіш

ШҚО-да тұрғынның үйінен есірткі табылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Факті «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды.

41 жастағы ауыл тұрғынының үйін тінту кезінде өсімдік тектес бұталар, өсімдік тектес заты бар 14 полимерлі пакет, сондай-ақ құрамында ұқсас заты бар 6 шыны банка және 2 қағаз орамы табылып, тәркіленді.

Тәркіленген заттар салмағы 1,5 келіден асатын кептірілген марихуана және бір келіге жуық кептірілген қарасора өсімдігі болып шықты.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оны үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы күтіп тұр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив