Астанада пранк жасаған ер адам 10 тәулікке қамауға алынды
depositphotos.com
Астанада 26 жастағы ер адам әлеуметтік желіге пранк видеосын түсіріп, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Полиция әлеуметтік желілерді бақылау барысында ер адамның қорқынышты костюм киіп, лифт істен шыққандай жағдай жасап, қызды әдейі шошытқан бейнежазбасын анықтаған.
Оқиғаға байланысты құқықбұзушы полицияға жеткізіліп, сот шешімімен 10 тәулікке қамауға алынды.
Құқық қорғау органдары мұндай “әзілдерге” жол берілмейтінін ескертті. Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және айналадағы адамдарға құрметпен қарауға шақырды.
Оқи отырыңыз