«Таза Қазақстан»: Алтай ауданындағы мектептер өз аумақтарын абаттандырды
Пластикалық бөтелкелер, ескі жиһаз, ағаш поддондар мен автодөңгелектер сияқты қарапайым әрі қолжетімді материалдардан жасалған ерекше бұйымдар Алтай ауданындағы мектептердің аумағында ландшафтық дизайнның көрікті элементтеріне айналуда, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.
Абаттандыру жұмыстарымен жалпы білім беретін мектептердің қызметкерлері мен оқушылары «Таза Қазақстан» акциясы аясында айналысты.
Оқушылар педагогтармен бірге гүлзарларды безендіріп, декоративті мүсіндер жасап, мектеп ауласын және демалыс аймақтарын көркейтуге атсалысуда.
Алтай қаласындағы мектеп-лицей директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Меруерт Қадырбаева мұндай бастамалар балалардың шығармашылық ойлауын дамытып қана қоймай, олардың қоршаған ортаға деген жауапкершілік көзқарасын қалыптастыратынын атап өтті.
Дмитрий Чжан
Фото: Алтай ауданының ішкі саясат бөлімі



