Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі зейнеткерлерді құттықтады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова еліміздің зейнеткерлерін Қарттар күнімен құттықтап, аға буын өкілдеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбітшілік пен амандық тіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
«Ардақты зейнеткерлер, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің атынан сіздерді шын жүректен Қарттар күнімен құттықтаймын! Бұл ерекше күн сіздердің қоғамдағы баға жетпес рөлдеріңізді және оның дамуына қосқан маңызды үлестеріңізді еске салады.
Аға буын өкілдері – еліміздің алтын қоры, отансүйгіштік, үлкен шыдамдылық пен нық сенімнің нағыз үлгісі болатын даналық пен дәстүрді сақтаушылар. Біз сіздердің жас ұрпаққа беретін баға жетпес өнегелеріңізді ерекше бағалаймыз. Сіздердің еңбекқорлықтарыңыз, отбасы мен қоғам алдындағы адалдықтарыңыз бәрімізге үлгі.
Қарттарға қамқорлық жасау мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі. Бюджеттен төленетін базалық және ынтымақты зейнетақылардың сомалары жыл сайын индекстеледі. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған шаралар қабылдануда. Президент тапсырмасы бойынша базалық зейнетақы мөлшерін кезең-кезеңімен арттыру жалғасуда. Осылайша, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65-тен 70%-ға, ал ең жоғарысы – 105-тен 110%-ға дейін ұлғайтылды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан қарттарды қолдауға, оларға әлеуметтік қызмет көрсету деңгейін арттыру мен қоғамдық өмірге тарту бойынша іс-шаралар әзірленуде. Елімізде 127 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылып, олар белсенді жұмыс істеуде. Онда қазыналы қарттарымыз қызығушылықтарына қарай түрлі дәрістер таба алады.
Құрметті ардагерлер мен зейнеткерлер, осы айтулы әрі тамаша мереке күні Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр, амандық пен береке тілеймін! Қарты бар үйдің – қазынасы бар. Әр күндеріңіз жақсылыққа, жақындарыңыз бен туыстарыңыздың мейірімділігіне толы болып, жылдан жылға қуанышты күндеріңіз көп болғай, жүздеріңізден ешқашан күлкі кетпесін», – делінген Светлана Жақыпованың ақжарма құттықтауында.

Оқи отырыңыз
Бүгін Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніЗиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндер жәрдемақы аладыОлжас Анафин Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды2025 жылы Қазақстанда зейнеткерлер қанша алады?Былтыр мемлекеттік еңбек инспекторлары 54 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады