KZ
Өскемен
-29°
туман жел 1 м/с, С
518.39 603.09 6.68

«Шығыс салбурыны – 2025»: 40 киіз үйден тұратын этноауыл бой көтерді

8.10.2025, 14:00 183 Базарова Айгүл

Ұлан ауданының Бозанбай ауылында, Бүркіт төбе маңында өтетін дәстүрлі «Шығыс салбурыны – 2025» бүркітшілер фестиваліне дайындық қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір бұл аумақта 40 киіз үйден тұратын этноауыл бой көтеріп, барлық инфрақұрылым жасақталуда. Дәретханалар орнатылып, жарық пен су тартылған, негізгі сахна да дайын.

Фестиваль алаңында 100-ден астам техника жұмыс істеуде. Сонымен қатар 250-ден астам адам киіз үйлер тігіп, аумақты безендіруге жұмылдырылған. Қонақтар мен туристердің жайлылығы үшін фотоаймақтар мен қоқыс жәшіктері де орнатылған.

Биылғы «Шығыс салбурыны» көрерменге ұлттық дәстүр мен қазіргі заманның үйлесімін көрсететін ерекше ауқымды шара болмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу