KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, В
520.93 609.07 6.68

Катонқарағайда халықаралық фестивальге арналған этноауыл бой көтерді

13.06.2025, 15:00 311 Гульжан Мусина

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестиваліне орай Катонқарағай ауданында кең ауқымды этноауыл ұйымдастырылды. Фестиваль өтетін аумақта өңірдің тарихи-мәдени келбетін айшықтайтын түрлі аймақтар құрылып, қонақтарға жайлы жағдай жасалды, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Облыстың барлық аудандары бірігіп, 20-дан астам киіз үй тігілген көрме аймағын жасақтады. Мұнда әр аудан өз ерекшелігін танытып, қолөнер бұйымдары мен тарихи жәдігерлерді ұсынды. Сонымен қатар, ұлттық киіммен безендірілген тұрғындар келген қонақтарға салт-дәстүрдің маңызын таныстыруда.

Тамақтану және демалыс аймағында 17 киіз үй орнатылып, қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды. Қымыз, бауырсақ, ет тағамдары мен түрлі тәттілерді тегін татып көруге мүмкіндік берілді. Бұл – қонақтар үшін ерекше әсер қалдырған рухани әрі дәмді тәжірибе болды.

Сондай-ақ, 21 шатырдан тұратын кэмпинг аймағы арнайы дайындалып, шетелдік және отандық туристерге арналған. Аумаққа жарық пен ауызсу тартылып, санитарлық жағдайлар қарастырылды. Барлық инфрақұрылым талапқа сай жабдықталып, фестивальге келген меймандарға жайлы әрі қауіпсіз орта қамтамасыз етілді.

Қуаныш Рахметоллаұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу