KZ
Өскемен
-27°
туман жел 1 м/с, С
518.39 603.09 6.68

Үлкен Нарында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының қоршау жұмыстары аяқталды

15.10.2025, 16:00 200 Базарова Айгүл

Үлкен Нарын ауылында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын қоршау жұмыстары биыл толық аяқталды. Бұл – ауданның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадамдардың бірі саналады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аталған полигон – ауданның экологиялық жағдайын тұрақты сақтауда негізгі нысан ретінде қызмет етеді. Мұнда жер қазу, қалдықтарды қайта жабу және аумақты толық қоршау жұмыстары жүргізілді. Маңызды міндетті «Нарын Строй Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандары жоғары кәсіби деңгейде орындаған.

Бұл жұмыстардың басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау және тұрғындардың денсаулығына зиян келтіретін қалдықтардың таралуының алдын алу. 

 

«Біз экологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әрбір кезеңде қауіпсіздік шараларына басымдық бердік. Полигонның қоршалуы аудан экологиясына оң әсерін тигізеді деп сенеміз», - дейді «Нарын Строй Сервис» ЖШС басшысының орынбасары Асхат Құнанбаев.

Ауданда экологиялық бақылау шараларына ерекше назар аударылып отыр. Зиянды қалдықтарды азайту және табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану бағытында да бірқатар іс-шаралар қолға алынған. Басты мақсат – Үлкен Нарын ауданын экологиялық таза, тұрғындарға қолайлы және қауіпсіз аймаққа айналдыру. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.



Қуаныш Рахметоллаұлы 

Махаббат Ахметжанова 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу