Үлкен Нарын ауылында ШҚО әкімдігінің көшпелі отырысы өтеді
Altainews.kz
Үлкен Нарын ауылында облыс басшылығы инфрақұрылымның негізгі нысандарымен танысады деп күтілуде. Жергілікті мемлекеттік органдармен арнайы кеңестер барысында ауданның дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланбақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Күн тәртібінде – жаз мезгіліндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайларға ден қоюға арналған техника мен жеке құрамның дайындығы, қазандықты техникалық тұрғыда тексеру, сондай-ақ қысқы маусымда жылумен үздіксіз қамтуға бағытталған жөндеу жұмыстарының барысын бақылау.
Облыстық әкімдіктің көшпелі отырысында ауданның биылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы жылыту маусымына қойылатын міндеттер қаралады.
Сондай-ақ жазғы демалыс пен балалардың сауықтырылуын ұйымдастыру, халықты қолдау шаралары және экологиялық мәселелерге ерекше назар аударылмақ.
Дамир Омаров