Шығыс Қазақстанда экстремалды туризмді дамыту қолға алынады
Шығыс Қазақстан облысында премиум санаттағы туризм мен белсенді демалысқа арналған жаңа жоба даярлануда. «Altai Invest-2025» халықаралық инвестициялық форумында Риддер қаласы әкімі Думан Рахметқалиев пен «Скай Тау Риддер» ЖШС директоры Бехрус Базарбаев премиум санаттағы нысандар мен мотокросс, эндуро, багги, квадроцикл, маунтинбайк және тау сноубилдеріне арналған трассалар құрылысы бойынша меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Риддерде жүзеге асырылатын жоба экстремалды демалысты ұнататын отандық және көрші елдер туристерін тартуға бағытталған. Жоба аясында премиум санаттағы демалыс аймағы, оған сай қонақүй кешені, сервис орталықтары мен техника жалға беру пункттері салынбақ. Мұндай кешенді инфрақұрылым қаланың дәстүрлі тау-кен өнеркәсібіне негізделген экономикасын әртараптандыруға, сондай-ақ өңірге заманауи тау курортының көрінісін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жоба іске асқанда, Шығыс Қазақстан үшін толыққанды «қызмет тізбегі» құрылмақ: туристерді орналастыру мен тамақтандырудан бастап, техникалық қызмет көрсету және туроператорлық бағыттарға дейінгі салалар жаңа серпін алады.
«Скай Тау Риддер» компаниясының қызмет бағыты – демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру. Сондықтан белсенді демалыс түріне арналған сервис пен арнайы техниканы жалға беру мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Сонымен қатар, бұл жоба Шығыс Қазақстан туристік нарығы үшін бірқатар «күрделі жағдайларды» шешеді – мысалы, маусым кезінде болжамды жүктемені қамтамасыз ету және әртүрлі дайындық деңгейіндегі қонақтар үшін қызметтердің түсінікті жүйесін қалыптастыру сияқты міндеттерді қамтиды.
Сонымен қатар маусымдық тәуекелдер мен жобаның өзін-өзі ақтау мәселесі де, жоғары жылдамдықтағы трассаларда қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ету өзектілігі де жоғары. Себебі «экономика мен қауіпсіздіктің үйлесімі» – жобаның беделі мен ұзақ мерзімді тұрақтылығының басты шешімі.
Жол картасына сәйкес, жобалық шешімдерді әзірлеу бірнеше айға созылады. Сол себепті алғашқы құрылыс жұмыстары 2026 жылдан бері басталмайды. Жоба өз сұранысын ақтаса, Риддер жаңа туристік брендке ие болып, Шығыс Қазақстан облысы экстремалды туризмнің бірегей орталығына айналмақ. Бұл өз кезегінде өңірдің туристік картасын кеңейтіп, жаңа бағыттар мен мүмкіндіктер ашады.
Айдос Мырзахметов
Дамир Омаров
Махаббат Ахметжанова