KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
517.66 606.49 6.44

Ұлан ауданының тумасы, жерлес қаламгер «Қазақстанның халық жазушысы» атанды

Әдебиет порталы

24.10.2025, 11:00 215 Базарова Айгүл

Жерлесіміз, көрнекті жазушы, публицист, аудармашы, сыншы Ғаббас Қабышұлына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен “Қазақстанның халық жазушысы” атағы берілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ғаббас Қабышұлы 1935 жылы 9 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Ұранхай ауылында дүниеге келді. 

Ұзақ жылдар бұрынғы облыстық “Коммунизм туы”, қазіргі “Дидар” газетінде корректор, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметін атқарды. 1966 жылы республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің редакциясына ауысып, жауапты хатшының орынбасары, көркем әдебиет, әдеби сын бөлімдерінде меңгеруші болды. 

Әзіл-сықақ, әңгіме, хикаят, сын, көркем очерк, көсемсөз, мақала жазды. Жиыны 14 жинақтың авторы. Орыс әдебиетінен А.Чехов, Д.Ленч, С.Михалковтың, украин әдебиетінен О.Вишнянның, серб әдебиетінен Б.Нушичтің әңгімелерін, түрік әдебиетінен Ә.Несиннің «Футбол королі» сықақ романын, таңдаулы әзіл-сықақ әңгімелерін, молдован әзілқойы А.Бусуйоктың «Менің париждік нағашым» хикаятын аударған.

Сондай-ақ, жазушы Оспанхан Әубәкіровтің төрт томдық таңдамалысын, Х.Есен-әлиевтің төрт томдық таңдамалысын құрастырып шығарды. Әзіл-сықақ әңгімелері «Қымызхана», «Тамаша» театрларының сахналарында қойылды. Биыл тоқсан жасқа толған ақсақал жазушы әлі де тың, оқырманына берер дүниесі әлі де мол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу