KZ
Өскемен
-8°
туман Штиль
498.55 524.28 4.75

Белгілі қаламгер Ғаббас Қабышұлы елеусіз қалмайды – ШҚО әкімі

Фото: Ермек Имангазинов

9.08.2023, 13:55 320

Бүгін ШҚО әкімі Ермек Көшербаев өңірдегі ардагерлермен кездесті.

Шара барысында аймақ ардагерлері облыс басшысына толғандырған сұрақтарын қойып, маңызды мәселелерді айтып өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қазақстанның құрметті журналисі Айтмұхамбет Қасымов жерлесіміз, белгілі қаламгер, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ғаббас Қабышұлының осы күнге дейін еленбей, оқырман қауым жазушының кітаптарымен қауышпай жатқанын жеткізді.

– 1997 жылдан бері кітаптары шықпай, тіпті 60,70,80 жас мерейтойларына туған жері Шығыс Қазақстан облысынан құттықтау хаттары бармай, тоқсан жасқа келіп қалған абыз ақсақал елеусіз қалып қалды. Өзіміздің облыстық «Алтай большевигі» (қазіргі «Дидар») газетінде жауапты хатшы, республикалық «Ара-Шмель» сатира журналының бас редакторы болған Ғаббас Қабышұлына, құрметті Ермек Беделбайұлы,  облыстың Құрметті азаматы атағы берілсе және кітаптарын жарыққа шығуына көмектессеңіз деген өтініш, тілегім бар, – деді Айтмұхамбет Қасымов.

Өз кезегінде облыс әкімі қаламгер Ғаббас Қабышұлының шығармашылығымен жақсы таныс екенін айтып өтті.

– Мен үшін осы күнге дейін жазушыға облыс тарапынан қолдау, құрмет көрсетілмей келе жатқаны – таңғаларлық жағдай. ШҚО әкімі  аппаратының және мәдениет басқармасының басшысына тиісті тапсырмалар беремін. Біздің өңірден Оралхан Бөкейден бастап дарынды, елге танымал тұлғалардың шыққаны белігілі.  Біз жастарға үлгі көрсете отырып, үлкендерге қолдау, құрмет көрсетуіміз керек, – деді облыс әкімі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу