Облыс аумағында қалың тұман күтіледі
«Қазгидромет» ШҚО филиалының хабарлауынша, 29 қазанда облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі деп болжануда. Мамандар өңір тұрғындарын ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты барынша сақтық танытуға шақырады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Көлік жүргізушілеріне жолда мұқият болып, жылдамдық режимін қатаң сақтау ұсынылады. Ал жаяу жүргіншілерге жарақат алу қаупін азайту үшін барынша сақ жүріп, қауіпсіздік шараларын орындау қажет.
Дауылды ескертулер мен жедел хабарламаларды «Дәрмен» мобильді қосымшасын орнату арқылы уақытылы алуға болады.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» бірыңғай құтқару қызметіне хабарласу керек.