Шығыс Қазақстанда 13 наурызда тұман күтіледі

Фото: pexels.com
«Қазгидромет» ШҚ филиалының мәліметіне сәйкес, 13 наурызда облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Өскемен қаласында да түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге жолда барынша мұқият болу, жылдамдықты асырып жібермеу және қауіпсіз қашықтықты сақтау ұсынылады. Жаяу жүргіншілерге де сақтық шараларын сақтап, жарақат алу қаупін азайту үшін тайғақ жолдарда абай болу қажет.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда, «112» нөміріне хабарласу керек.
Оқи отырыңыз