Алдағы күндері ШҚО-да үсік күтіледі
"Қазгидромет" ШҚ филиалының мәліметінше, 30 қыркүйекте облыс аумағында жауын-шашын болады, ал оңтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр жауып, қарға ұласуы мүмкін.
Бұған дейін, 29 қыркүйек күні күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде ауа температурасы 10-15 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.
Ал 1 қазанда түнде сынап бағаны 0-5 градус жылы аралығында болады, батыс пен солтүстікте 3 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал.
Мамандар тұрғындарды ауа райының күрт өзгерісіне байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырады. Автокөлік жүргізушілері жолда абай болып, жылдамдық режимін қатаң қадағалауы тиіс. Жаяу жүргіншілер де жарақат алу қаупін азайту үшін барынша сақ болғаны жөн.
Дауылды ескертулер туралы ақпаратты "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы білуге болады. Төтенше жағдай орын алған жағдайда «112» бірыңғай құтқару нөміріне хабарласу қажет.