ШҚО-да 9 айда бюджетке 336 млрд теңге салық түсті
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылдың тоғыз айындағы жұмыс қорытындысын жариялады. Департамент басшысының орынбасары Қабыш Сайранқан Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жыл басынан мемлекеттік бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша түсімдер 336,3 млрд теңгені құрағанын жеткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оның ішінде жергілікті бюджетке – 170,3 млрд теңге, республикалық бюджетке – 166 млрд теңге түсті.
Мемлекеттік бюджеттің негізгі бөлігін пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық, яғни, 22% немесе 74,1 млрд теңге, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен алынатын корпоративтік табыс салығы – 22,4% немесе 75,4 млрд теңгені, ал жеке табыс салығы 15,1% немесе 50,9 млрд теңгені құрап отыр.
Экономикалық салалар тұрғысынан алғанда, өңдеу өнеркәсібінің үлесі – 28,6%, көтерме және бөлшек сауданың үлесі – 15%, ал тау-кен өндірісі мен құрылыс салаларының жиынтық үлесі 22%-дан асады.