KZ
Өскемен
-2°
снег жел 6 м/с, В
508.3 592.17 6.63

Мемлекеттік бюджет кірісі 17,3 трлн теңгені құрады – Қаржы министрлігі

depositphotos.com

14.10.2025, 11:30 152 Базарова Айгүл

2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірісі 17,3 трлн теңгені немесе жоспарға сәйкес 102%-ды құрады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ол өткен жылға қарай өсу қарқыны 116%-ға немесе 2,4 трлн теңгені құрағанын атап өтті. Республикалық бюджетке 10,5 трлн теңге түсті. Жоспар 97,3%-ға орындалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 116% немесе 1,4 трлн теңгеге көп.

«Жергілікті бюджеттерге сыртқы факторларға тәуелсіз салықтар түседі, бұл 6,8 трлн теңгені құраған тұрақты өсімді көрсетеді. Жоспар 704,4 млрд теңгеге асыра орындалды», - деді Мәди Такиев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу