KZ
Өскемен
-17°
туман жел 1 м/с, ОБ
514.31 603.03 6.4

Самар ауданында «инватакси» қызметі жолға қойылды

gov.kz

6.11.2025, 10:00 127 Базарова Айгүл

Самар ауданының прокуратурасы мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарының сақталуына арнайы талдау жүргізіп, әлеуметтік әділеттіліктің тағы бір өзекті мәселесін күн тәртібіне шығарды. Зерттеу нәтижесінде 39 адамның, оның ішінде 7 кәмелетке толмағанның арнайы көлік қызметіне мұқтаж екені анықталды, деп хабарлайды Altainews.kz.

Алайда, 2022 жылы жаңа аудан құрылғаннан бері заңнамада көзделген мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «инватакси» қызметі ұйымдастырылмағаны белгілі болды. Сондай-ақ, аудан әкімдігі тұтынушылар санатын және қызмет алушылар тізімін кеңейту жөнінде қаулы да қабылдамаған.

Бұл олқылыққа аудан прокуратурасы назар аударып, тиісті ұсыныстар енгізген соң жергілікті атқарушы орган нақты шаралар қабылдауға кірісті. Енді мүгедектігі бар жандардың еркін жүріп-тұруына мүмкіндік беретін көлік қызметі қолжетімді бола бастады.

Бүгінде аудан бюджетінен 27 миллион теңге бөлініп, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасымалдауға арналған арнайы автокөлік сатып алынды. Сонымен қатар, тұрақты түрде қызмет көрсететін жүргізуші лауазымы ашылып, инватакси қызметі ресми түрде іске қосылды.

Бұл – қоғамдағы әлеуметтік теңдік пен қамқорлықтың нақты көрінісі. Енді Самар ауданындағы ерекше жандардың өмірі біршама жеңілдеп, қоғам өміріне белсендірек араласуға жаңа мүмкіндік туды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу