ШҚО-да жер қатынастары бөлімінің басшысына 1,1 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтағы Самар ауданында атқарушы орган осы жылы жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін уақытша пайдалану бойынша 16 байқауды өткізбеген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі kaz.inform-ға сілтеме жасап.
Жыл басынан бері ШҚО прокуратура органдары құны 690 млн теңгені құрайтын 40 мың га 119 жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарған. Оның ішінде жалпы құны 430 млн теңгеден асатын 37 мың га пайдаланылмаған 101 жайылым учаскесі бар.
Аудан прокуратурасының қадағалау актісі бойынша көрсетілген бұзушылықтарға жауапты әкімдіктің жер қатынастары бөлімінің басшысы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 137-бабымен жауапкершілікке тартылды. Самар аудандық сотының 27 қазандағы қаулысымен оған 1,1 миллион теңге айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.
Пайдаланылмайтын жерлерді қайтару жұмыстары жалғасуда.