Шығыс Қазақстанда тұман түсіп, жел соғады
depositphotos.com
«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, алдағы тәуліктерде еліміздің бірқатар өңірлерінде ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz.
16 қарашада түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында тұман түседі. Көріну қашықтығы шектеліп, жолдағы қозғалысқа қолайсыздық туғызуы мүмкін.
Сонымен қатар, облыстың шығысы мен орталығында желдің күшеюі болжануда. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.
Ауа райының құбылмалы сипатына байланысты тұрғындарға барынша сақ болып, жолға шыққанда қауіпсіздік шараларын қатаң ұстану ескертіледі.