Еліміздің бірнеше облысында найзағай ойнап, желдің екпіні 20 м/с жетеді - Қазгидромет
stock.adobe.com
«Қазгидромет» мамандарының хабарлауынша, 17 қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы құбылыстары күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Алматы облысында солтүстік-батыстан жел соғып, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с жетеді. Өңірдің оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы және Қонаев қалаларында да төтенше өрт қаупі сақталмақ, Қонаевта желдің күшеюі ықтимал.
Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғып, солтүстік, шығыс және таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетпек. Облыс аумағында, соның ішінде Шымкент пен Түркістан қалаларында төтенше өрт қаупі бар.
Жамбыл облысының оңтүстік-шығысы мен таулы аудандарында найзағай күтіледі. Таулы аймақтарда жел екпіні 15-20 м/с болады. Облыс пен Тараз қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшеймек. Өңірде төтенше өрт қаупі бар.
Ақмола облысында күндіз батысында, оңтүстігінде және шығысында найзағай күтіледі. Жел бағытын оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауыстырып, екпіні 15-20 м/с болады.
Астанада күндіз найзағай ойнап, желдің екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Күндіз оңтүстік-батысында желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде батыс аумағында 1 градус үсік болуы ықтимал. Петропавлда тұман күтіледі.
Ақтөбе облысында күндіз солтүстігінде және шығысында желдің екпіні 15-18 м/с дейін күшейеді. Облыстың батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Қостанай облысының оңтүстігі мен батысында найзағай, шығысында тұман күтіледі. Желдің күші 15-20 м/с жетпек. Өңірдің оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында солтүстік, шығыс және батысында найзағай, түнде және таңертең кей аймақтарда тұман күтіледі. Шығысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Оңтүстік өңірде төтенше өрт қаупі бар.
Ұлытау облысында күндіз найзағай ойнап, түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Жезқазғанда күндіз найзағай күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының орталығы, солтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі. Кей өңірлерде желдің екпіні 15-20 м/с жетпек. Өскеменде күндіз найзағай болады.
Абай облысының батысы, оңтүстігі мен орталығында найзағай күтіледі. Желдің күші 15-20 м/с.
Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде найзағай болады.
Маңғыстау облысында оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында және Атырау қаласында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында солтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталса, батысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.