KZ
Өскемен
-11°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
511 602.72 6.49

Дауылды ескерту: ШҚО аумағында қалың тұман түседі 

depositphotos.com

30.11.2025, 17:00 130 Базарова Айгүл

«Қазгидромет» ШҚО филиалының мәліметінше, 1 желтоқсан күні облыстың солтүстігі, оңтүстігі және шығысында қалың тұман түсіп, көріну қашықтығы күрт төмендейді, деп хабарлайды Altainews.kz.

Осындай қолайсыз ауа райында жол қозғалысының барлық қатысушыларына сақтық шараларын қатаң сақтау ұсынылады. Көлік жүргізушілері жылдамдықты төмендетіп, арақашықтықты ұлғайтып, маневр жасауда барынша абай болғаны жөн. Ал жаяу жүргіншілерге жарақат алу қаупін азайту үшін жарық шағылыстыратын элементтер қолдану және қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға шақырылады.

Кез келген төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу