KZ
Өскемен
-13°
туман жел 1 м/с, З
495.28 518.41 5.44

Жылдамдықты асырмаңыз! ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

pexels.com

29.01.2025, 17:00 332 Төлеуғазы Жансая

Ішкі істер министрлігі жол қозғалысына қатысушыларға кезекті рет үндеу жасады,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Polisia.kz хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығы жол қозғалысының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Сондықтан белгіленген нормалар мен ережелерді қатаң сақтау маңызды.

Қаңтар айында бірқатар ірі жол-көлік оқиғалары тіркелді, олардың басты себебі – көріну мүмкіндігі төмендеген кезде жүргізушілердің қауіпсіз жылдамдықты сақтамауы. Осыған байланысты, ІІМ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу мақсатында көлік ағыны көп жол учаскелерінде жылдамдықты шектеу туралы шешім қабылдады.
Атап айтқанда, Астана – Щучинск және Астана – Қарағанды бағыттарында 3.24 "Ең жоғары жылдамдықты сағатына 60 шақырымға шектеу" жол белгілері орнатылды. Бұл белгілер нашар көріну, көктайғақ немесе басқа да ауа райы факторлары жағдайында ғана қосылады. Ауа райының қолайсыздығы туралы хабарламалар берілген жағдайда бұзушылықтарды тіркеу камераларының параметрлері белгіленген жылдамдыққа сәйкестендіріледі.
Жүргізушілердің ыңғайлылығы үшін жылдамдық шегі туралы ақпарат "Яндекс", "2GIS", "Indrive" және басқа да навигациялық қосымшаларда көрсетіледі. Жолдар ашылған кезде шектеулер алынып тасталады.
ІІМ барша жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға және ауа райының өзгерістеріне назар аударуға шақырады. Жолдағы қауіпсіздік – әр жүргізушінің қырағылығы мен жауапкершілігіне байланысты. Жылдамдықты асырмай, жолда сабырлылық пен түсіністік таныту маңызды. Бірлесіп әрекет ету арқылы ғана біз жолдарымызды қауіпсіз ете аламыз!,- делінген хабарламада


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу