Премьер-министр қысқы IX Азия ойындарына дайындық бойынша бірқатар тапсырма берді
Фото: olympic.kz
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов қысқы IX Азия ойындарына дайындық бойынша бірқатар маңызды тапсырмаларды жүктеді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Үкіметке сілтеме жасап.
Туризм және спорт министрлігіне әкімдіктер мен барлық мүдделі ұйымдарға Қазақстан құрамасының Қытайда сәтті нәтиже көрсетуі үшін спортшыларға барлық жағдайды жасау міндеті қойылды. Сонымен қатар, сыртқы істер министрлігіне ұлттық құрамаға дипломатиялық қолдау көрсету тапсырылды.
Мәдениет және ақпарат министрлігіне Азия ойындарының үздіксіз әрі сапалы көрсетілімін қамтамасыз ету жүктелді, бұл спортшыларымыздың жеңісін халыққа танытуда маңызды рөл атқаратын болады.
Туризм және спорт министрлігі, әкімдіктермен, Ұлттық Олимпиада комитеттерімен және федерациялармен бірге 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына дайындықты күшейтуі қажет.