KZ
Өскемен
-9°
туман жел 2 м/с, СБ
502.27 597.15 6.57

Мұстафа Шоқайдың еш жерде жарияланбаған фотосуреттері табылды 

8.01.2026, 14:00 148 Төлеуғазы Жансая

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне Алаш қайраткері Мұстафа Шоқай мен оның жұбайы Мария Шоқайға тиесілі отбасылық альбомның түпнұсқасы тапсырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Бұған дейін көпшілік назарына ұсынылмаған сирек фотосуреттер музей қорын толықтырды. Құнды жәдігерді музейге Мұстафа Шоқайдың туысы Гүлбаршын Заирова табыстаған. Ал отбасылық альбомды сақтап келген – шоқайтанушы ғалым Бақыт Садықова екені айтылды.

Музей өкілдерінің мәліметінше, альбом ішіндегі фотосуреттер – тарихи тұрғыдан аса құнды. Олардың басым бөлігі бұрын еш жерде жарияланбаған. Бұл материалдар Мұстафа Шоқайдың эмиграциядағы өмірі мен жеке тағдырына қатысты тың деректерді ашуға мүмкіндік береді.


Фото: Unknownkazak

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу